
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау күні туралы хабарландыру!Анонс сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылау бойынша жұртшылықты хабардар ету үшін жүргізілуде.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚР заңының 8-бабының 5-тармағына, "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығына сәйкес «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл облысы Тараз қаласы білім бөлімінің №45 «Балбұлақ» бөбекжай-балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібін басшылыққа ала отырып, 2025 жылдың 6 қаңтары мен 14 ақпаны аралығында 2024 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде. Іс-шара сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау және жұртшылықтан кері байланыс алу үшін өткізілуде.
Жария талқылаулардың нәтижелері масс-медиада және әлеуметтік желілерде жарияланады.